2021 жылғы 7 мамырда Отан қорғаушылар күні Душанбеде Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД-ның сыртқы шекараларын қорғау жөніндегі әскери борышын орындау кезінде 1995 жылғы 7 сәуірде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің монументіне гүл шоқтары қойылды.
Ескерткіш Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Ұлттық ұланының және басқа да қоғамдық ұйымдардың қолдауымен жаңартылып, реставрацияланды.
Іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев, Елшілігінің ұжымы мен отбасы мүшелері, Тәжікстанның интернационалист-ардагерлер Одағының, ТР Шекара қызметінің ардагерлері, БАҚ қатысты.
Іс-шараға қатысушылар қазақстандық жауынгерлер өмір бағасымен өздерінің әскери борышын орындағанын, әскери антқа адал болғанын және олар қорғағандарды мәңгі есте сақтайтындарын атап өтті.