2021 жылғы 29 сәуір, Душанбе. Душанбеде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатысты.
Іс-шараға Армения Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Армен Григорян, Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Рыскелди Мұсаев, Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушев, Тәжікстан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Насрулло Махмудзода және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.
Кездесу барысында Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ҰҚШҰ-ның қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.
Әсет Исекешев әріптестерін ҰҚШҰ қызметінің маңызды бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етті, Қазақстан Республикасының мүдделерін ескере отырып, осы ұйымды одан әрі үйлесімді дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.
Халықаралық терроризм, киберқылмыс, есірткінің заңсыз айналымы сияқты сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимылдың практикалық шараларына ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар ұйым шеңберінде өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.
Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысын 2021 жылдың төртінші тоқсанында, ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы қарсаңында Душанбеде өткізу туралы шешім қабылданды.