ДУШАНБЕ, 2021 жылғы 12 сәуір. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжібаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың аттарынан 2020 жылдағы Ұлы ойшыл және ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын және Қазақ халқының ұлы ұстазы, жазушы және ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттарды «Оила» медиа-холдингінің құрылтайшысы, «Тоджикистон» газетінің бас редакторы Шариф Хамдамовқа табыс етті.