2021 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев пен Тәжікстан Республикасының Экономикалық даму және сауда Министрінің орынбасары А. Абдурахмонзода тең төрағалық етуімен Душанбеде Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында тауар айналымын және жеткізілетін тауарлар номенклатурасын ұлғайту жөніндегі жұмыс тобының 3-отырысы өтті.
Аталған іс-шара шеңберінде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі, тауар айналымы көлемін ұлғайту жөніндегі шаралар, тауар айналымын өзара ұлғайту және Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы 2019-2022 жылдарға арналған жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту жөніндегі Жол картасының іске асырылу барысы талқыланды.