2021 жылғы 18 ақпанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінде «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың жаңа саяси бастамалары. Қазақстанды жаңғырту мен демократияландыру бағыты» тақырыбындағы Тәжікстан Республикасының Маджлиси Намояндагон Маджлиси Оли және Сыртқы істер министрлігі, академиялық және іскер топтар, бұқаралық ақпарат құралдары мен Тәжікстанның қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың саяси реформаларының үш пакеті туралы ақпарат ұсынылды. Қазақстан басшысының жаңа саяси бастамалары және Орталық Азия өңіріндегі интеграциялық үдерістердің, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың даму ерекшеліктері туралы пікір алмасылды.