2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің жаңадан тағайындалған төрағасы Саъди Сангинмурод Кодирзодамен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды ілгерілетудің өзекті мәселелері талқыланды. Әңгіме аясында Қазақстан-Тәжікстан Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының кезекті 16-шы отырысын ұйымдастыру мәселесі бойынша пікір алмасылды.
Кездесу соңында Елші С.С. Кодирзодаға кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы экономикалық қатынастарды одан әрі нығайту ісінде жемісті өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін білдірді.