
Құрметті сайлаушылар!
2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.
ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 19 адам; «NurOtan» партиясы – 126 адам; «ADAL» Саяси партиясы – 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы – 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы» – 113 адам.
Сайлау алдындағы саяси партиялар бағдарламалары мен кандидаттарының тізімі туралы мәліметтері бар кестемен келесі сілтеме бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/139523?lang=kk танысуға болады.
Атап өтерлігі, сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Елшіліктің телефоны (+992 37) 2218940 бойынша және dushanbe@mfa.kz электрондық пошта арқылы біле аласыз.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау 10 қаңтар 2021 жылы г. Душанбе, ул. Хусейзода, д. 31/1 мекенжайында орналасқан, № 272 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.