Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Душанбе, 2020 жылдың 26 желтоқсаны - Қазақстанның Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстанға гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты.

Ол Қазақстан Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Тәжікстанға оның құрамына өкпені жасанды желдету және оттегі ингаляциясы бар «Кокчетав-4П» 100 портативті аппараттарын тапсырды.

Гуманитарлық көмекті Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Джамолиддин Абдуллозода қабылдады.

Елші өз сөзінде Тәжікстан – Қазақстанның сенімді серіктесі және одақтасы, достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық ынтымақтастық пен екі бауырлас ел арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде гуманитарлық өлшемде де қарқынды дамып, нығайып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Д. Абдуллозода тәжік тарапы Қазақстан Үкіметінің көрсеткен көмегін жоғары бағалайтынын жеткізді.