Қазақстан Елшісі Асқар Тәжібаев Ауғанстанның Тәжікстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Мухаммад Зохир Агбармен кездесті

Қазақстан Елшісі Асқар Тәжібаев Ауғанстанның Тәжікстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Мухаммад Зохир Агбармен кездесті

2020 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Үәкілетті Елшісі Асқар Тәжібаев жаңадан тағайындалған Ауғанстан Ислам Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Үәкілетті Елшісі Мухаммад Зохир Агбармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік өзара іс-қимылдың мәселелері талқыланды.

Соңында А.Тәжібаев Ауғанстан Елшісін Тәжікстан Республикасындағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, жұмысына табыстар тіледі.