
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2021 жылғы 10 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы (Душанбе қаласы, Хусейнзода көшесі, 31/1 үй) № 272 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.
18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығы бар әрбір Қазақстан азаматы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың конституциялық құқығы бар.
Сіздердің аты-жөніңіздердің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 272 сайлау учаскесінің тізіміне Тәжікстан тұрақты немесе уақытша тұратын және жарамды паспорты/жеке куәлігі бар барлық Қазақстан азаматтары енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін өзіңіздердің толық ақпараттарыңызды (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс нөмірлері) dushanbe@mfa.kz электронды поштаcына «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жолдауларыңызды сұраймыз.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі байланыс телефон нөміріне хабарласуға болады:
+992-372 221-89-40
+992-372 251-01-08 (факс)