Меню

Страницы

Статья

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Душанбеде «Бәйтерек» қазақ ұлттық мәдени орталығы жұмыс істейді. Бейресми деректер бойынша Тәжікстанда 2 мыңға жуық қазақ тұрады. Қазақстан Республикасының 2021 жылғы халық санағы бойынша елдегі тәжіктердің саны 49 827 адамды құрады, немесе жалпы халықтың 0,26% құрайды.

2023 жылдың 10 қаңтарында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай Душанбеде Түркістан облысы өнер шеберлерінің концерті ұйымдастырылды.

2023 жылғы 23-29 тамызда Қазақстанда Тәжікстанның мәдениет күндері өтті. Осы кезеңде Астанада, Алматыда және Шымкентте өнер майталмандары мен жас орындаушылардың қойылымдары, бейнелеу өнері мен халық қолөнерінің көрмелері, екі елдің жетекші әдебиет және ғылым қайраткерлерінің кездесулері, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін, сондай-ақ Тәжікстанның қолөнер бұйымдарын сататын көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

2024 жылғы 21-24 тамызда Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтті. 22 тамызда Душанбеде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен Гала-концерт, сондай-ақ қолөнершілер көрмесі өтті.

22-24 тамыз аралығында Душанбе, Худжанд және Бохтар қалаларында өткен Қазақстанның мәдениет күндері аясында қазақстандық өнер шеберлерінің концерттері де өтті.

2024 жылғы 21-23 тамызда Душанбеде Қазақстан киносының күндері өтті.

2024 жылғы 21 тамызда Душанбедегі Әбілқосым Фирдавси атындағы мәдениет және демалыс саябағында ақын, жазушы және ойшыл Абай Құнанбаевтың бюстінің ашылу рәсімі өтті.

Білім саласындағы ынтымақтастық дамып келеді. 2022 жылдан бастап Тәжікстан азаматтарын ҚР жоғары оқу орындарында оқуға квота 100 адамға дейін ұлғайтылды. ТР 400-ге жуық азаматы ҚР жоғары оқу орындарында, ал ТР 100 азаматы Қазақстанның жетекші IT университеттерінде тегін білім алуда. Тәжікстанның жоғары оқу орындарында 100-ге жуық ҚР азаматы білім алуда.

М.Осими атындағы Тәжік техникалық университетінің және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында ақпараттық технологиялардың бірлескен факультеті ашылды.

Дата публикации
08 июля 2020
Дата обновления
08 июля 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
08 июня 2025
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
08 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
Ақпарат
08 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

facebook
twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары