
Қазақ-тәжік қатынасы
Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 7 қаңтарда орнатылды.
1993 жылы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы қатынастардың негіздері туралы келісімге қол қойылды.
2015 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды.
2024 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы келісімге қол қойылды.
Саяси саладағы өзара әрекеттестік
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық өзара іс-қимыл рухында дамып келеді.
Мемлекет басшылары өзара сапарлар жасайды, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар аясында тұрақты түрде кездеседі.
2015 жылғы 14 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаев ТР-ға ресми сапармен барды, оның барысында Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге және бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылды.
2018 жылғы 14 наурызда ТР Президенті Э.Рахмонның Қазақстанға ресми сапары өтті.
2019 жылғы 14 маусымда Душанбеде АӨСШК V Саммитіне қатысу шеңберінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев ТР Президенті Э.Рахмонмен кездесті.
2021 жылғы 19-20 мамырда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ТР-на алғашқы ресми сапары болды.
2021 жылғы 15 қыркүйекте Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына және ШЫҰ Мемлекеттік басшылары кеңесінің отырысына қатысу аясында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев ТР Президенті Э.Рахмонмен кездесу өткізді.
2021 жылғы 23-24 қыркүйекте ТР Парламенті Жоғарғы Палатасының Төрағасы, Душанбе қаласының Төрағасы Р.Эмомали ҚР-ға ресми сапармен келді.
2022 жылғы 12-13 мамырда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаев ТР-на ресми сапармен барды.
2022 жылғы 13-14 қазанда ТР Президенті Э.Рахмон АӨСШК, ТМД Саммиттеріне және ОА-РФ бірінші Саммитіне қатысу үшін Астанаға келді.
2022 жылғы 27 қазанда ТР Президенті Э.Рахмон Орталық Азия елдері басшылары мен ЕО Президентінің бірінші кездесуіне қатысу үшін ҚР-ға жұмыс сапарымен барды.
2022 жылғы 28 қазанда ТР Премьер-Министрі Қ.Расулзода Астанада өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
2023 жылғы 9-10 ақпанда ТР Парламенті палатасының спикері М.Зокирзода Түркістан қаласында өткен Орталық Азия елдерінің Бірінші парламентаралық форумына қатысты.
2023 жылғы 3-4 мамырда ТР Президенті Э.Рахмонның ҚР-ға мемлекеттік сапары өтті. Сапар барысында ол ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен келіссөздер жүргізді. ТР Президенті «Алтын Қыран» орденімен марапатталды. Сапар нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы Декларацияға қол қойылды.
2023 жылғы 19 мамырда ТР Премьер-Министрі К.Расулзода Алматыда өткен «Орталық Азия-ЕО» екінші экономикалық форумына қатысты.
2024 жылғы 3 маусымда АлматыдаТР Парламенті Жоғарғы палатасының төрағасы, Душанбе қаласының Төрағасы Р.Эмомали ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты.
2023 жылғы 19 шілдеде «ОА+ССАГПЗ» Саммитінің аясында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев пен ТР Президенті Э.Рахмонның кездесуі өтті.
2023 жылғы 25-26 тамызда ТР Президенті Э.Рахмон ҚР-дағы Тәжікстан мәдениет күндерінің ашылуына орай ҚР-ға (Астана) жұмыс сапарымен барды.
2023 жылғы 14-15 қыркүйекте ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бесінші Консультативтік кездесуіне және ХАҚҚ Кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына жұмыс сапарымен барды.
2024 жылғы 25-26 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Тәжікстанға ресми сапары өтті.
2024 жылғы 30 сәуірде ҚР Премьер-Министрі О.Бектеновтың Тәжікстанға ресми сапары өтті.
2024 жылғы 22-23 тамызда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекеттік сапары болды. Сапар нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы келісімге қол қойылды.
2024 жылғы 10-11 қазанда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаев Душанбеде өткен «Тәжікстан Конституциясына 30 жыл» халықаралық конференциясына қатысты.
2024 жылы Тәжікстан Президенті Қазақстанға үш рет жұмыс сапарымен келді (3 шілде – «ШЫҰ және ШЫҰ + саммиті», 17 қыркүйек – «Орталық Азия + Германия» форматындағы саммит, 28 қараша – «ҰҚШҰ саммиті»).