2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудионұсқада қолжетімді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
Қазақ тілінде:
https://www.gov.kz/org/ksrk/press/article/details/247111?lang=kk
Орыс тілінде:
https://www.gov.kz/org/ksrk/press/article/details/247111?lang=ru
Ағылшын тілінде:
https://www.gov.kz/org/ksrk/press/article/details/247111?lang=en
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң:
Қазақ тілінде:
https://www.gov.kz/org/ksrk/press/article/details/248246?lang=kk
Орыс тілінде:
https://www.gov.kz/org/ksrk/press/article/details/248246?lang=ru
Ағылшын тілінде:
https://www.gov.kz/org/ksrk/press/article/details/248246?lang=en
Бұл бастама құқықтық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, конституциялық заңнамаға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге және инклюзивті ортаны дамытуға бағытталған. Ағылшын тіліндегі аудионұсқалар шетелдік аудиторияға Конституцияның негізгі ережелерімен және Конституциялық Соттың қызметін реттейтін заңнамамен танысуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының ресми ақпараттық ресурстары:
Ресми сайт: https://www.gov.kz/org/ksrk?lang=kk
Telegram: https://t.me/consot_kz
Instagram: https://www.instagram.com/consud_kz
Ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте Дубай Үкіметінің Медиа кеңсесінің Бас директоры, Дубай Медиа кеңесі төрағасының орынбасары және басқарушы директоры Мона Ганем Әл Марримен кездесу өтті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы медиа және коммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, екі елдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ бірлескен ақпараттық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Бас прокуратураның Халықаралық құқықтық ынтымақтастық бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Хумейд Әл Хадермен кездесу өтті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Қазақстанға сапары қарсаңында Murdoch University делегациясын басқарып отырған университеттің жаһандық ынтымақтастық жөніндегі вице-канцлерінің орынбасары Саймон МакКирдимен кездесу өтті.
Кездесуге сондай-ақ проректор, Food Futures Institute басшысы Питер Дэвис және Murdoch University Dubai атқарушы директоры Мохамед Абдулхалек Баматраф қатысты.
Кездесу барысында жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ Қазақстанда бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
🔹 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.
Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрақты немесе уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын осы сайлауда белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға шақырамыз.
📍 Абу Даби қаласында дауыс беру Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшілігі жанындағы №447 сайлау учаскесінде өтеді.
Мекенжайы: Al Safaraat, Sheikh Rashid bin Saeed Al Maktoum Street, 44.
📍 Дубай қаласында дауыс беру Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №438 сайлау учаскесінде өтеді.
Мекенжайы: Jumeirah, Umm Suqeim First, Al Boussi Street, Villa N. 5.
🕖 Дауыс беру күні: 2026 жылғы 23 тамыз (жексенбі).
Уақыты: жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін.
Дауыс беру үшін өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжатын алып келу қажет.
📞 Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі байланыс нөмірлері арқылы хабарласа аласыз:
Қазақстан Республикасының Абу Даби қаласындағы Елшілігі:
Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы:
Құрылтай депутаттарының сайлауы туралы толық ақпарат Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланған www.election.gov.kz.
Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары әрі жасанды интеллект жөніндегі бас директор Мұхаммад Әл Мансуримен кездесу өтті.
Кездесу барысында консулдық ынтымақтастық және Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық
сурет салу байқауының
ЕРЕЖЕСІ
«Қазақстан – менің көзіммен» – шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған онлайн сурет салу байқауы.
Байқау қатысушылардың Қазақстан туралы көзқарасын, елге деген сүйіспеншілігін, тарихи-мәдени мұрасын, табиғатын, ұлттық құндылықтарын және болашаққа деген арман-тілектерін шығармашылық тұрғыдан бейнелеуге бағытталған.
Байқаудың негізгі мақсаттары:
- шетелдегі этникалық қазақ балалардың Қазақстанмен рухани байланысын нығайту;
- Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу;
- жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- дарынды этникалық қазақ балаларын анықтау және қолдау көрсету;
- балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Өзі туралы ақпарат (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын мектебі мен сыныбы, байланыс нөмері);
- Өзін таныстыру, салған суретін түсіндіру мақсатында ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнежазба;
-Суретті өзі салғанын растау үшін ұзақтығы 3 минуттан аспайтын сурет салу процессінен бейнежазба және байқау тақырыбынан бөлек басқа да бірнеше туындыларын қосып жіберу керек.
III. Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар
o қарындаш;
o түрлі-түсті қарындаш;
o фломастер;
o акварель бояулары;
o гуашь;
o майлы бояулар;
o пастель;
o көмір;
o маркер;
o акрил бояулары;
o гельді қаламдар және басқа да көркем сурет салу құралдары.
o Қазақстанның табиғаты;
o тарихи және мәдени ескерткіштер;
o ұлттық салт-дәстүрлер;
o қазақ халқының тұрмысы;
o ұлттық мерекелер;
o Қазақстанның көрікті жерлері;
o болашақтағы Қазақстан туралы арман-тілектер.
Жұмыстың «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбын қаншалықты толық және мазмұнды ашқаны бағаланады.
Қатысушының идеясының ерекшелігі, қиялы мен шығармашылық шешімдері бағаланады.
Сурет салу техникасы, композициясы, түстер үйлесімі, пропорция және жалпы орындау сапасы бағаланады.
Қазақстанның мәдениеті, тарихы, табиғаты және ұлттық құндылықтарының көркем бейнелену деңгейі ескеріледі.
Жұмыстың көрерменге әсері, автордың сезімі мен ойын жеткізу деңгейі бағаланады.
Байқауға шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 17 маусымнан бастап
28 тамызға дейін қабылданады.
Байқау қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз қазылар алқасының шешімімен анықталады.
Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
I орын – Ноутбук;
II орын – Планшет;
III орын – Смарт сағат.
Ынтыландыру сыйлықтары – «Бестемше» ойыны.
Үздік жұмыстар ұйымдастырушылардың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады және онлайн көрмеге ұсынылады. Сонымен қатар, үздік деп танылған 10 қатысушы қажет болған жағдайда жұмысын өз қаражаты есебінен «Отандастар қоры» КеАҚ-на жіберу қажет
Digital Dubai Authority ұйымының Бас директоры Хамад Әл Мансуримен кездесу өтті.
Кездесу барысында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, электрондық үкімет (e-Gov) қызметтері және өзге де цифрлық шешімдер салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Анықтама: Digital Dubai Authority – 2023 жылы құрылған Дубайдағы цифрлық трансформацияны іске асыратын негізгі мемлекеттік орган. Ұйым мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға, жасанды интеллект пен инновациялық технологияларды енгізуге, сондай-ақ «ақылды қала» (Smart City) тұжырымдамасын дамытуға жауапты.
Астана, 2026 жылғы 19 мамыр – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу рәсімі өтті.
19-20 мамыр аралығында ЮНЕСКО қамқорлығымен өтіп жатқан ауқымды халықаралық форум Жошы ұлысының тарихи мұрасын және оның Орталық Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік үдерістердің қалыптасуындағы рөлін жан-жақты зерделеу мақсатында отандық және шетелдік жетекші ғалымдарды, сарапшылар мен халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерін бір алаңға біріктірді.
Симпозиумның мақсаты – Қазақстан Республикасын Алтын Орда мұрасын зерттейтін жетекші халықаралық орталық ретінде таныту, сондай-ақ Жошы ұлысының саяси, экономикалық, мәдени және рухани мұрасын кешенді пәнаралық талдау арқылы Орталық Еуразия өркениеттерін зерттеу саласындағы елдің ғылыми әлеуетін көрсету және оның Еуразиядағы қазіргі интеграциялық үдерістер үшін маңызын айқындау.
Симпозиум аясында Алтын Орданың дала өркениетінің моделі ретіндегі мұрасына арналған тақырыптық көрме де ұйымдастырылды. Экспозицияға археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған.
Көрменің құрылымы бірнеше негізгі тақырыптық бөлімдерді қамтиды: мемлекет және билік, дала сәні мен киім үлгілері, әскери іс, дала және қала өркениеттерінің өзара ықпалдастығы, мәдениет, ғылым және өнер. Ерекше назар 70 археологиялық және сәулет ескерткішін қамтитын интерактивті картаға аударылған. Оның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация ұсынылған.
Симпозиумда сондай-ақ ЮНЕСКО-ның мәдениет жөніндегі Бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығының директоры Элунду Лазар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев, Татарстан Республикасының мәдениет министрі Ирада Аюпова, «La France s’engage» қорының президенті Одрэ Азуле, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Содносамбуу Дэмбэрэл, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Шавкат Аюпов, сондай-ақ Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Ш. Маржани атындағы Тарих институтының М.А. Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалиев құттықтау сөз сөйледі.
Симпозиум барысында Алтын Орданың этносаяси тарихы, оның мұрасының қазіргі заманғы маңызы, болашақ зерттеу бағыттары, материалдық және рухани мәдени мұра, жазба және ауызша дереккөздер, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттік ықпалдастық мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Форум аясында Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын пәнаралық зерттеуге, археологиялық жаңалықтарға, тарихи жады мен бірегейлікті қалыптастыру мәселелеріне арналған мамандандырылған ғылыми секциялар өтеді.
Халықаралық форумның маңызды қорытындыларының бірі – халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, зерттеу бастамаларын біріктіруге және түрлі елдердің ғылыми орталықтары мен сарапшылық қауымдастықтары арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған Алтын Орда мұрасы жөніндегі Астана декларациясының қабылдануы болды.
Қазақстанда халықаралық симпозиумның өтуі елдің Орталық Азия тарихы мен мұрасын зерттейтін жетекші орталықтардың бірі ретіндегі халықаралық беделін одан әрі нығайтуға, ғылыми диалогты кеңейтуге және еуразиялық өркениеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарған тарихи үдерістерді объективті зерделеуге ықпал етеді.