
2025 жылғы 14 ақпанда Дубай полициясының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Абдулла Халифа Әл Марримен кездесу өтті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Дубай қаласында ү.ж. ақпанда өткен SWAT Challenge арнайы күштер арасындағы әлемдік жарысының қорытындылары талқыланды. Дубай полициясының Бас қолбасшысы қазақстандық арнайы топтардың өздерін жарыстарда жоғары деңгейде көрсеткенін атап өтті.
Анықтама: жоғарыда аталған жарысқа келесі қазақстандық арнайы топтар жүлделі болды: Сұңқар (2-ші орын); Арыстан (4-ші орын); Сардар (7-ші орын); Ұлттық гвардия (8 орын); Арыстан Ақтау (9 орын).