Елімізде атом электрстансанын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдум

Елімізде атом электрстансанын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдум

Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Сіздерді еліміздің болашағы үшін аса маңызды оқиға – Қазақстанда атом электрстансанын (АЭС) салу мәселесі бойынша республикалық референдумға қатысуға шақырады.
Референдум 2024 жылғы 6 қазанда жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін өтеді.
Дауыс беру орны: Дубай қаласындағы Қазақстан Республикасы Бас консулдығының ғимараты. Мекенжай: Jumeirah, Umm Suqeim First, Al Boussi street, villa no. 5.


АЭС салу – еліміздің энергетикасының болашағына қатысты маңызды мәселелердің бірі. Біз Сіздерді азаматтық жауапкершілігіңізді танытып, референдумға қатысуға және осы маңызды сұрақ бойынша өз ұстанымыңызды білдіруге шақырамыз. Сіздің дауысыңыз Қазақстанның энергетикалық секторын дамыту және оның тұрақты болашағын қалыптастыруда шешуші рөл атқаруы мүмкін.
Сіздерді белгіленген уақытта келіп, дауыс беруге шақырамыз. Дауыс беру тәртібі немесе референдум өтетін мекенжай бойынша сұрақтарыңыз болса, Бас консулдыққа телефон (+971 4 339 7151) немесе электронды пошта (dubai@mfa.kz) арқылы хабарласуға болады. Барлық қажетті мәліметтер біздің ресми сайтта жарияланған.
Әркімнің дауысы маңызды, еліміздің болашағы бізден тәуелді!