
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өткізілетінін жариялады. Референдум 2024 жылғы 6 қазанда өтеді.
Сізді Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығындағы № 406 сайлау учаскесіне (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін) дауыс беруге шақырамыз.(мекенжайы: Jumeirah, Umm Sugeim First, Al Boussi street, villa no. 5).
Қосымша ақпарат алу үшін Бас консулдықтың келесі телефон нөміріне: +971 (4) 339-71-51 немесе электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз: dubai@mfa.kz
Сондай-ақ, қосымша ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында қолжетімді: www.election.gov.kz
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулдығы