Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

Құрметті отандастар!

2023 жылғы 19 наурызда (жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдық жанындағы № 274 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір Қазақстан азаматының сайлауға қатысуға конституциялық құқығы бар. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы жанындағы № 274 сайлау учаскесі сайлаушылар тізіміне Қазақстан Республикасы азаматының жарамды шетел төлқұжаттары (паспорт) бар, қазіргі уақытта осы мемлекетте тұрақты немесе уақытша тұратын барлық азаматтар енгізіледі. Сайлаушылар тізіміне қосу үшін ағымдағы жылдың 15 ақпанаға дейін d.consul556@gmail.com электрондық поштаға келесі ақпаратты жолдауыңызды сұраймын: Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, тұратын мекен жайы дәне телефон нөмірі.