Меню

Страницы

Статья

Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

  • Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
  • Медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін).
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • Қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат (салыстыру үшін).

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • ҚР шет елдегі мекемеге өтініш берген кезде – 3 жұмыс күні;
  • портал арқылы – 1 жұмыс күні.
  • Тегін 

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/online-booking?directionId=6155&lang=kk

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма (Қабылдау күндері) -
09:00-12:00 (құжаттарды қабылдау); 13:00-14: 00 (құжаттарды беру) 
Сәрсенбі (қабылдамайтын күн)
Сенбі, жексенбі (демалыс күндері)
Мекен-жай: Jumeirah, Umm Suqeim First, Al Boussi street, villa no. 5

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар тізбесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда

Сұрауларыңызды d.consul556@gmail.com электрондық поштаға жіберуге cұраймыз

 

Дата публикации
19 марта 2025
Дата обновления
21 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 января 2026
23 января 2026
Шетелдік азаматтарға арналған консулдық бөлімнің қызметтері
21 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары