Меню

Страницы

Статья

Консулдық есеп

Консулдық есеп

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке қоюдың(ережеге сілтеме) мақсаты:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) ҚР азаматтарының болу елінің заңнамасымен Қазақстан Республикасы мен қабылдаушы болу мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.

Консулдық есептің түрлері

  • Тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған тұлғалар үшін.
  • Уақытша консулдық есеп– уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу,  туристік сапар және т.б.).
  • Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметтіэлектрондық үкіметвебпорталы арқылы электронды форматта ала алады

Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.

  • Тұрақты консулдық есепке тұру үшін:

1) Өтініш ( жүктеу)

2) толтырылған тіркеу картасы ( жүктеу)

3) жеке басын куәландыратын құжат тұпнұсқа мен көшірме, атап айтқанда жеке куәлік немесе паспорт немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін)

4) 3×4 см түсті фотосурет-1 дана

5) ҚР Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімі (салыстыру үшін)

6) БАӘ-де тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (резидент. визасы).

  • Уақытша консулдық есепке тұру үшін:

1) Өтініш (жүктеу)

2) толтырылған тіркеу картасы (жүктеу)

 3) жеке басын куәландыратын құжат тұпнұсқа мен көшірме, атап айтқанда жеке куәлік немесе паспорт немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін)

4) 3×4 см түсті фотосурет-1 дана

5) жұмыс немесе оқу орнынан анықтама

6) БАӘ-де тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (резидент. визасы).

  • Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады.

Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді

1) еркін нысандағы өтініш

2)  жеке басын куәландыратын құжат тұпнұсқа мен көшірме, атап айтқанда жеке куәлік немесе паспорт немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін)

3) тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда)

  • Қызмет беруші арқылы – 2 жұмыс күні;
  • Портал арқылы -1 жұмыс күні.

Қызмет тегін көрсетіледі

 

 

Дүйсенбі, Сейсенбі, Бейсенбі, Жұма (қабылдайтын күндер) -
09:00-12:00 (құжаттарды қабылдау уақыты); 13:00-14:00 (құжаттарды беру уақыты) 
Сәрсенбі (қабылдамайтын күн)
Сенбі, Жексенбі (демалыс күндер) 
Мекен-жайы: Jumeirah, Umm Suqeim First, Al Boussi street, villa no. 5

Назар аударыңыз!!! Құжаттар тізбесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда сұрауларыңызды электрондық поштаға жіберуге болады: qazvps24@gmail.com

Дата публикации
04 января 2024
Дата обновления
19 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 января 2026
23 января 2026
Шетелдік азаматтарға арналған консулдық бөлімнің қызметтері
21 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары