Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды талап ету

Құжаттарды талап ету (ережелерге сілтеме)

Шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар мынадай құжаттарды талап ету туралы өтініш жасай алады:

1) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттар (туу туралы, қайтыс болу туралы, неке қию және бұзу туралы, әке болуды анықтау туралы, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктер);

2)әлеуметтік құқықтық сипаттағы мәліметтер (еңбек өтілі, жалақысы, зейнетақысы, білімі, ғылыми дәреже беру, ғылыми атақ беру және біліктілігін арттыру, мемлекеттік және ведомстволық наградалар, негізсіз қуғын-сүргін фактілері, азаматтарды депортациялау және олардың мүлкін тәркілеу, әскери қызмет, еңбек армиясына қатысу және т. б.)

3) емделуде болғаны, кәсіптік аурулар және жазатайым оқиғалар туралы мәліметтер.

Талап етуге жатпайды

Әскери билеттердің және қызметтік куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері талап етуге, әкетуге, жөнелтуге жатпайды, сондай-ақ жеке тұлғалардың талап ету жөніндегі өтінішхаттары қанағаттандырылуға жатпайды:

1) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер, егер олар өтініш берушіге емес, басқа адамдарға ресімделсе.

2) егер неке бұзылған болса, неке қию туралы куәлік (тиісті анықтама беріледі).

3) қайтыс болғандардың туу туралы куәліктері.

  •   Өтініш;
  • Сіздің жеке басыңызды растайтын құжаттың көшірмесі;
  •   Толтырылған сауалнама;
  • Талап етілетін құжаттың көшірмесін (егер бар болса);
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжат 
  • 30 $ / 111 дирхам
  • 1 айдан тым
Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма (Қабылдау күндері) -
09:00-12:00 (құжаттарды қабылдау); 13:00-14: 00 (құжаттарды беру) 
Сәрсенбі (қабылдамайтын күн)
Сенбі, жексенбі (демалыс күндері)
Мекен-жай: Jumeirah, Umm Suqeim First, Al Boussi street, villa no. 5

Өтініш тек басып шығарылған құжаттар болған жағдайда ғана қабылданатынына назар аударамыз!

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде өзгеше көзделмесе, ҚР Салық заңнамасына сәйкес консулдық алымды төлеу қажет. Консулдық алым мөлшерлемесін ҚР Үкіметі әр ел үшін жеке белгілейді. Консулдық алым талап ету нәтижелеріне қарамастан алынады.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар тізбесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда

Сұрауларыңызды qazvps24@gmail.com электрондық поштаға жіберуге cұраймыз

Дата публикации
02 мая 2023
Дата обновления
27 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 января 2026
23 января 2026
Шетелдік азаматтарға арналған консулдық бөлімнің қызметтері
21 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары