«Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу (ережеге сілтеме)»
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш;
2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы мен көшірмелері);
3) Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, құжат мәтінінің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;
4) некеге тұрушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) құқықтық қабілеттілігі туралы уәкілетті органдар берген анықтамалар. Егер азаматтардың бірі шетел азаматы болса, онда құжат заңдастырылған немесе апостиль мөртабанымен бекітілген болуы керек, сондай-ақ оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы ұсынылуы тиіс;
5) бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану (заңдастырылған немесе апостиль мөртабанымен бекітілген және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
6) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (35 $ /130 БАӘ дирхам)
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, құжаттар, баланың туу туралы куәлігінің басқа да ерекше жағдайларды растайтын көшірмесі қосымша ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 15 күн
1) Бұл қызметті көрсету үшін бірлескен некеге тұрғысы келетін екі өтініш беруші де келуі керек;
2) Болашақ ерлі-зайыптылар мен ата-аналар ретіндегі құқықтарымен және міндеттерімен танысу қажет (ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексінің 29-бабы) өзара келісім бойынша медициналық зерттеп-қарау жүргізу құқығы туралы (Кодекстің 12-бабы), сондай-ақ ерлі-зайыптылардың некедегі (ерлі-зайыптылықтағы) мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын және ол бұзылған жағдайда неке шартын жасасу құқығы туралы (тиісінше Кодекстің 39-бабы және 28-бабы)
3) Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша күнтізбелік он бес күн өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде бұл мерзімді күнтізбелік он бес күннен асырмай ұзартады
Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма (Қабылдау күндері) -
09:00-12:00 (құжаттарды қабылдау); 13:00-14: 00 (құжаттарды беру)
Сәрсенбі (қабылдамайтын күн)
Сенбі, жексенбі (демалыс күндері)
Мекен-жай: Jumeirah, Umm Suqeim First, Al Boussi street, villa no. 5
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/online-booking?lang=kk&parentId=6154
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар тізбесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда
Сұрауларыңызды d.consul556@gmail.com электрондық поштаға жіберуге cұраймыз