«Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу»(ережелерге сілтеме)
Тиісті құжаттардың тізбесі
Баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал бала өлі туылған жағдайда – туған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірмей:
1) өтініш;
2) баланың туу туралы медициналық куәлігі (БАӘ-ның СІМ-де заңдастырылған және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқалары мен көшірмелері);
4) егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы;
5) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
Шет елдің құзыретті органымен берілген неке қию туралы куәлігі заңдастырылған немесе апостиль мөртабанымен бекітілген болуы керек, сондай-ақ оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы ұсынылуы тиіс;
6) егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлікті алуға нотариалды расталған келісімі ( үлгі 1, үлгі 2, үлгі 3) (заңдастырылған және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
7) көрсетілген қызметі алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
8) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. (50 $ / 93 БАӘ дирхам)
Шетелден шыққан барлық құжаттар алдымен БАӘ СІМ-де заңдастыру рәсімінен өтеді, содан кейін мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударма жасалады (аударма аударма агенттіктерінде жасалуы керек). Содан кейін құжаттарды ҚР Дубайдағы Бас консулдығы заңдастырады.
Нотариалды куәландырылған аудармаға өтініш
Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда қосымша ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі ұсынылады.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ – 5 ЖҰМЫС КҮН
Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма (Қабылдау күндері) -
09:00-12:00 (құжаттарды қабылдау); 13:00-14: 00 (құжаттарды беру)
Сәрсенбі (қабылдамайтын күн)
Сенбі, жексенбі (демалыс күндері)
Мекен-жай: Jumeirah, Umm Suqeim First, Al Boussi street, villa no. 5
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/online-booking?lang=kk&parentId=6154
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар тізбесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда
Сұрауларыңызды d.consul556@gmail.com электрондық поштаға жіберуге cұраймыз