
Доха, 2025 жылғы 3 қаңтар – Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатардың Сауда және индустрия министрі шейх Фейсал Әл Тәнимен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.
Елші А.Исағалиев Қазақстан Қатар Мемлекетіне азық-түлік, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі және басқа да өнімдердің экспортын арттыруға әлеуеттің мол екенін атап өтіп, өзара сауда айналымының көлемін ұлғайту жолдарын қарастыруды ұсынды.
Осы орайда, биыл Астанада өтуі жоспарланған жоғары деңгейдегі Қазақстан-Қатар бірлескен үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысына дайындық жұмыстарын бастауға уағдаласты.
Сонымен қатар, екі елдің кәсіпкерлік орталары арасындағы байланыстарды нығайтудың тиімділігін ескере отырып, бизнес-миссиялармен алмасуды ынталандыруды жақтайтындарын растады.
Кездесу қорытындысы бойынша сауда-экономикалық серіктестікті күшейтуге жөнінде 2025 жылы бекітілген бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды қарастырды.