Қатар Kazakhstan Global Investment Roundtable жұмысына қатысты

Қатар Kazakhstan Global Investment Roundtable жұмысына қатысты
Қатарлық "Power International Holding" иелері Мутаз Әл-Хаят және Рамез Әл-Хаят Астанада ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен "Kazakhstan Global Investment Roundtable" жұмысына қатысып, ашылу рәсімінде сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биыл ақпан айында Дохаға сапары аясында инвестиция саласында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесу ұйымдастырылды.
Қатарлық инвесторлар Қазақстандағы бизнес-климаттың аса қолайлы екенін атап өтіп, Мемлекет басшылығы тарапынан қабылданған іс-шаралар елге көбірек инвестиция салуға ынталандыратынын мәлім етті.