Жаслан Мәдиев Қатар Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммед Әл-Маннаимен кездесті
Республика күні қарсаңында Доха қаласында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қатар Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммед Әл-Маннаимен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар мемлекет басшыларының өзара сапарлары аясында ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.