
Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елші Арман Исағалиев Қатар Мемлекетінің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында заңнамаға сәйкес Қазақстан азаматтарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, оның ішінде консулдық қызметтер туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, дауыс беруге құқылы студенттер 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша өтетін республикалық референдумға қатысып, Елшілікке келіп өз таңдауларын жасауға шақырылды.