Қатар Қазақстанды азық-түлік қауіпсіздігінде маңызды серіктес ретінде қарастырады

Қатар Қазақстанды азық-түлік қауіпсіздігінде маңызды серіктес ретінде қарастырады

Доха, 2024 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Катар Муниципалитет министрі Абдулла бен Хамад Әл-Атыямен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы, оның ішінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың үдемелі дамуын атап өтті. Қазақстандық дипломат 2024 жылдың бірінші тоқсанында Катарға қазақстандық ет экспортының 13 есе өскенін қанағаттанушылықпен жеткізді.

Өз кезегінде катар тарапы ауыл шаруашылығы саласына және заманауи технологияларды дамытуға үлкен мән беретінін мәлімдеді. Осы тұрғыда Катар муниципалитет министрі Катардың Ұлттық даму стратегиясы аясында азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстанмен берік ынтымақтастыққа дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Катар стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар жоспарын қарастырды.