
ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина және Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева Қатар Консультативтік Кеңесі Төрағасының орынбасары Хамда бинт Хасан Әл Сулейтимен кездесті. Сұхбат барысында екі елдің парламенттері арасындағы өзара іс-қимылдың келешегі, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жоюдағы өңірлік мәселелер талқыланды.