Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қатар Университетімен ынтымақтастықты нығайтуда

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қатар Университетімен ынтымақтастықты нығайтуда

Доха қаласы, 2024 жылғы 21 қаңтар – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ж.Түймебаев Қатар Университетінің ректоры Омар Әл-Ансаримен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында екі елдің озық университтері арасында екіжақты байланыстарды нығайту бағыттары талқыланды. Осы орайда, тараптар бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша ұстаздық құрам мен студенттер арасында алмасуларды ынталандыру, бірлескен зерттеулер жүргізу және ғылыми еңбектерді жариялау мүмкіндіктерін қарастырды.

Сонымен қатар, сұхбаттасушылар әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық және медициналық ғылымдар бойынша ынтымақтастық перспективаларының мол екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған мәселелер бойынша бірлескен топ құрып, тиісті пысықтау жұмыстарын қолға алуға уағдаласты.