
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, алдыңғы қатарлы елдермен тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды Катарда сапармен болды.
Делегация құрамына облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов, «Қайып ата» ЖШС бас директоры С.Ертаев енді.
Сапардың мақсаты – мал өсіруден бастап мал өнімдерін өткізуге дейінгі барлық кезеңдердегі мал шаруашылығының ғылыми-тәжірибелік базасымен және өндіріс технологияларымен танысу.
Сапар барысында өңірлік делегация Катардағы ет өнімдерін өндіру және экспорттаумен айналысатын Катардағы Widam Food Company және Kowkabet Al Sharq ірі компаниялардың басшыларымен кездесті.