Қазақстан - ислам әлемінің мұрасы комитетінің жаңа мүшесі

Қазақстан - ислам әлемінің мұрасы комитетінің жаңа мүшесі

2023 жылғы 27 қыркүйек, Доха – Қатар Мемлекетінде Ислам әлемінің Білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) 12-ші министрлік конференциясында Қазақстан Республикасы Ислам әлемінің мұрасы комитетінің 2024-2025 жылдарға жаңа мүшесі атанды.

Аталған комитет осы ұйымға мүше елдердің аумағында орналасқан материалдық және материалдық емес мұраны қалпына келтіру және қорғау бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтумен айналысады.

Қазіргі уақытта ислам әлеміндегі материалдық емес құндылықтар тізіміне "Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны" енген. 

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар ислам әлеміндегі мәдени мұра меншігін заңсыз тасымалдауға қарсы іс-қимыл, дәстүрлі білім мен ғылымды құрметтеу, өзара серіктесті нығайту және ислам әлемінің мәдени астаналарына арналған ИСЕСКО бағдарламасын қалыптастыру туралы құжаттар қабылдады.