Доха қаласындағы қазақстандық студенттермен кездесу өтті

Доха қаласындағы қазақстандық студенттермен кездесу өтті

Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Елшісі А.Исағалиев Доха қаласының жоғары оқу орындарында білім алып жатқан бір топ қазақстандық студенттермен кездесті.

А.Исағалиев Қазақстан мен Қатар арасында жоғары білім саласындағы тығыз ынтымақтастық, оның ішінде гранттармен алмасу, академиялық мобильділік және зерттеулер бағыттарында тиімді серіктестік орнатылып жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында студенттерге Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәкес, жастар саясатының негізгі бағыттары түсіндіріліп, ел экономикасы азаматтарымыздың зияткерлік капиталы мен шығармашылық әлеуетіне арқа сүйейтіні айтылды.

Бұған қоса, отандастарымыздың арасында мемлекеттік тілді қолданудың, шетелде ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарымызды сақтаудың маңыздылығы бойынша өзара пікір алмасылды.

Сонымен қатар, Доха қалсындағы жоғары оқу орындарына жаңадан келіп түскен қазақстандық студенттер үшін Елшіліктің консулдық бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпарат беріліп, қазақстандық және жергілікті заңнаманы қатаң сақтаудың қажеттілігі туралы айтылды.