
Ү.ж. 25 маусымда Қазақстанның Дохадағы Елшісі А. Исағалиев Қатардың Әділет министрі Масуд бен Мұхаммед әл-Амримен кездесіп, құқықтық саладағы қазақстан-қатар қарым-қатынастарын кеңейту перспективаларын талқылады.
Дипломат министрді Қазақстанда соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер, сондай-ақ құқықтық саладағы реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Сондай-ақ, сұхбат барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қозғалды.
Тараптар шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті және екі елдің әділет министрліктері арасындағы, оның ішінде ресми делегациялардың сапарларымен алмасу және екіжақты келісімдер жасасу арқылы өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаласты.