
Ү.ж. 16-19 наурыз аралығында Қатарда өтіп жатқан «AgriteQ» and «EnviroteQ» ауыл шаруашылығы, ветеринариялық және экологиялық технологиялар халықаралық көрмесіне 16 қазақстандық компания қатысуда.
Ағымдағы жылы аталған көрменің жұмысына қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда, консервілер, құс еті, табиғи шырындар, жем, бие сүті, бал, күнбағыс майы және макарон өнімдерін өндіруші компаниялар, сондай-ақ, «Қазақ қайтау өндеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» мен «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» қатысуда.
Көрме аясында ұйымдастырылған "Ауыл шаруашылығы әлеміндегі бастамалар, мүмкіндіктер және жобалар" тақырыбындағы конференцияда сөз сөйлеген Шымкент қаласы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының» басшысы А.Жанбатыров қатысушыларға қазақстандық аграрлық сектордың әлеуеті, осы саланы дамыту және қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау бойынша ҚР Үкіметі қабылдап жатқан шаралар туралы толық ақпарат берді.
Сондай-ақ, көрменің жұмысына Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының делегациясы қатысуда.