Қатарлық студенттер Қазақстанға оқыту турымен барды

Қатарлық студенттер Қазақстанға оқыту турымен барды

Ү.ж. 25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қазақстанға Қатардағы Карнеги-Меллон университетінің студентері мен оқытушылары тур жасады. Аталған тур студенттерді әртүрлі компаниялардың практикалық жұмыстарымен таныстыру мақсатында университеттің академиялық бағдарламасының бөлігі болып табылады.

Елшілік студенттердің сапары аясында Астана халықаралық қаржы орталығы, Назарбаев атындағы университеті, Кибершабуылдарды талдау орталығы (TSARKA), Astana Hub, Kazakhstan Paramount Engineering және Kazakhstan Garysh Sapary-ның өкілдерімен кездесулер ұйымдастырды.

Аталған мекемелер Қатардың студенттеріне стартап жобаларды қолдау, оқу үдерістері, қаржы технологиялары, АХҚО сотының жұмысы, ғылыми-зерттеу базасы, инфрақұрылымы, ғарыштық мониторинг және жерді қашықтықтан зондтау саласындағы инженерлердің жұмыстары және отандық брондалған дөңгелекті машина шығару үдерістерімен таныстырды.

Нәтижесінде, Қатардың студенттері еліміздің даму деңгейін, инфрақұрылымды, білім мен ғылымды, мәдениетіміз бен қонақжайлығымызды жоғары бағалады.