
(2020 жылғы 17 наурыздағы жағдай бойынша)
Коронавирустың (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында ҚР мемлекеттік органдары қабылдаған келесі санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ескерулеріңізді сұраймыз.
Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 16 наурыздағы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оның қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара арқылы кіруіне-шығуына тыйым салынатын болады. Аталған шектеулерге жолаушылардың келесі түрлері жатпайды. Яғни, төменде көрсетілген тұлғалар елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне қарамастан Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы кіруге-шығуға құқылы:
|
Елдің санаты |
Мемлекеттер
|
Санаттарға сәйкес елдерден келетін тұлғаларға қатысты іс-шаралар |
|
1 а)
|
Франция Иран Италия Испания Германия
|
Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтары және шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейн жергілікті атқарушы органдар белгілеген ауруханада оқшаулана отырып, 14 күнге карантинге жатады. |
|
1 б) |
ҚХР Оңтүстік Корея 1 а) санатына кіретін елдерден басқа Шенген аймағының елдері
|
Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтары және шетелдіктер үйде оқшаулау (үй карантині) карантинге жатады. Тұрғылықты жері бойынша күнтізбелік 14 күн бойы міндетті түрде үйде болады (үй, пәтер, жатақхана, қонақ үй және т.б.). Тұрғылықты жері бойынша оқшаулау кезінде (күнтізбелік 14 күн) адам көп жиналатын орындарға баруға тыйым салынады.
|
|
2 |
Ұлыбритания Филиппин Катар Индия БАЭ Әзірбайжан Таиланд АҚШ
|
Тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұруына құқығы бар (үздіксіз медициналық бақылауды қамтамасыз ету үшін тұлға медициналық ұйымды өзінің орнын ауыстыруы туралы хабардар ету тиіс).
Күн сайын 14 күн бойы медицина қызметкері телефон арқылы тұлғаның денсаулық жағдайына қатысты сауалнама жүргізеді.
|
Қазақстан Республикасына келген соң паспорттық бақылау қызметкерлері Сізден шағын сауалнаманы (үлгісі төменде беріледі) толтыруды сұрауы мүмкін.
_____________________________________
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер арқылы ақпарат алуға болады:
Қатарда: +974 441 280 15
Қазақстанда: 1406
_____________________________________
Сауалнама үлгісі
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ
САУАЛНАМА