Катарда АӨСШК 6-шы самиті қарсаңында Қазақстанның төрағалық ету бастамалары таныстырылды

Катарда АӨСШК 6-шы самиті қарсаңында Қазақстанның төрағалық ету бастамалары таныстырылды

Доха, 2022 жылғы 28 Қыркүйек - Қазақстанның Катардағы Елшілігі Дохада аккредиттелген Азия мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының басшылары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның АӨСШК-ке төрағалық етуіне арналған брифинг өткізді.
Өз сөзінде Елші Арман Исағалиев шақырылым жасалған күннен бері үш онжылдықта АӨСШК жиынтығында әлемдік ЖІӨ-нің 50%-дан астамын құрайтын, орасан зор ресурстары мен зор зияткерлік әлеуеті, көлік дәліздері мен жылдам дамып келе жатқан нарықтары бар және жаһандық экономикалық өсудің үштен екісін қамтамасыз ететін, Азия құрлығының 90%-дан астам аумағын алып жатқа 27 мемлекетті біріктіріп отырған көпжақты дипломатияның тиімді форумына айналғанын айтты.
Дипломат Қазақстанның АӨСШК-ке 2020-2022 жылдары төрағалық етуінің басымдықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, оның ең бастысы кеңесті институттандыру және оны толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру болып табылады. «АӨСШК-ті қайта құру мүше мемлекеттер мен басқа да өңірлік ұйымдар мен форумдар арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз», - деді Елші Арман Исағалиев.
Іс-шараға қатысушылар 2022 жылғы 12-13 қазанда Астанада өтетін АӨСШК 6-шы саммитінің негізгі аспектілері туралы хабардар болды. Кездесу қорытындысы бойынша өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасылды.