Қазақстаннан Қатарға алғашқы коммерциялық чартерлік рейс келді

Қазақстаннан Қатарға алғашқы коммерциялық чартерлік рейс келді

Ү.ж. 10 қаңтарда ҚР Дохадағы Елшісі А. Исағалиев Қазақстаннан Қатарға алғашқы коммерциялық чартерлік рейсті қарсы алу салтанатты іс-шарасына қатысты.

Бұл әуе қатынасы Катардың Qatar Tourism ұлттық компаниясы мен қазақстандық Kazunion туроператорымен бірлесе іске қосылды және аптасына екі рет Астана, Алматы қалаларынан Flyarystan компаниясының ұшағымен  коммерциялық рейстерді орындайтын болады.

Салтанатты іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген қазақстандық дипломат туристік ағынның өсуінің оң үрдісін атап өтіп, аталған чартерлік рейс Қазақстан мен Катар арасындағы туристік және мәдени алмасуды едәуір арттыратынына сенім білдірді.

Қазақстан Катар үшін көзделген 15  туристік нарықтың бірі болып табылады. Коммерциялық чартерлік рейстер Kazunion компаниясы дайындаған туристік ұсыныстарының ішіне Доханың бай мәдениеті және өнерімен танысқысы келетін саяхатшыларға рейстер мен онда орналасуы кіреді.

Kazunion компаниясы 2009 жылы негізі қаланған әлемнің үш елінде алты кеңсесі бар, сондай-ақ Қазақстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда 5000 агенттігі бар ірі туроператорлардың бірі болып табылады.