
Ү.ж. 18 сәуірде Қазақстанның Дохадағы Елшісі Арман Исағалиев аталған саладағы екі елдің байланыстарын кеңейту жолдарын талқылау үшін Қатардың Еңбек министрі доктор Әли бен Саид Әл-Марримен кездесті.
Атап айтқанда, Қатарда жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың еңбек жағдайларына қатысты мәселелер қозғалды. Министрліктің статистикалық деректері бойынша, қазіргі уақытта Қатарда негізінен мұнай-газ секторында, қонақ үй бизнесінде және азаматтық авиацияда 700-ден астам ҚР азаматы еңбек етеуде.
Сонымен қатар, сұхбат барысында қазақстандық дипломат министрді ҚР-дағы ағымдағы жағдай және Президент Қ.Тоқаевтың қоғамды одан әрі дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" Жолдауын іске асыру аясында елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер туралы хабардар етті.
Қатар министрі Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды жоғары бағалап, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен консультациялар, тәжірибе алмасу және азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша ынтымақтастық орнату үшін тікелей байланыс орнатуды ұсынды.