
14-16 ақпан аралығында Дохада «Стратегиялық тауарлары және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» форумы өтті. Аталған іс-шараны Қатардың Муниципалитет министрлігінің қолдауымен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) ұйымдастырды.
Іс-шарада азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің зерттеушілері үшін «IOFS-COMSTECH» стипендиялар бағдарламасын ресми жариялау рәсімі өтті, сондай-ақ АҚИҰ мен Ислам сауда-өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы палатасы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Дохаға сапар аясында АҚИҰ-ның Бас директоры Е. Байдаулет ҚР Қатардағы Елшісі А. Исағалиевпен бірге Қатардың Муниципалитет министрі Абдалла бен Әбделәзиз бен Түрки Ас-Субайе, «Hassad Food» ұлттық компаниясының Төрағасы Мұхаммед Бадр Әл-Сада, Катарлық қызыл жарты ай қоғамының бас директоры Файсал әл Имади, «Qatar Investment Authority» Бас директоры Мансур бен Ибрахим Әл-Махмудимен, «Qatar Charity» қайырымдылық ұйымының атқарушы директоры Юсуф бин Ахмед Әл-Куаримен, «Qatar Airways» төрағасы Акбар Әл-Бакермен, Қатар Сауда палатасының Азық-түлік қауіпсіздігі комитетінің басшысы Мұхаммед Әл-Обайдлимен кездесулер өткізіп, ислам елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықтың жолдарын талқыланды.