Араб зағиптар одағының президенті Қазақстанға барады

Араб зағиптар одағының президенті Қазақстанға барады

Ү.ж. 9 ақпанда Қазақстанның Қатардағы Елшісі А.Исағалиев Араб зағиптар одағының президенті доктор Халед Әл-Нуеймимен кездесті. Кездесу барысында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау саласындағы ынтымақтастықтың жолдары талқыланды.

Дипломат сұхбаттасушыны Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ нашар көретін және зағиптардың әлеуметтендіруін жақсарту жөніндегі іске асырылып жатқан бағдарламалар туралы хабардар етті.

Одақ басшысы өзара іс-қимылды орнату және бірлескен жобаларды іске асыру үшін Қазақстан соқырлар қоғамымен жұмыс байланыстарын орнатуға қызығушылығын білдірді. Осы тұрғыда Елші А.Исағалиев нашар көретін адамдардың өмір сүру сапасын едәуір арттыруға арналған, қазақстандық ғалымдар әзірлеген бірегей инновациялық жобаларды қарастыруды ұсынды.

Халед әл-Нуэйми аталған жобаларға қызығушылық танытып, ү.ж. наурыз айында Қазақстанға келуге дайындығын білдірді.

Анықтама: Араб соқырлар одағы 2007 жылы тамызда Араб мемлекеттері лигасының аясында құрылған, штаб-пәтері Дохада орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғайтын, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесетін тәуелсіз, үкіметтік емес ұйым болып табылады.