Қазақстан Президенті Қатар Әмірімен кездесті

Қазақстан Президенті Қатар Әмірімен кездесті

Ү.ж. 5 ақпанда Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.К. Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнимен кездесті. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың белсенді дамып келе жатқанына қанағаттанушылық білдірді және әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдарын талқылады.​