Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен телефон арқылы сөйлесті
Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Қазақстандағы жағдай туралы телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы Әмірді елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Жоғары Мәртебелі қазақ билігінің бұл дағдарысты еңсеріп, бауырлас елдегі жағдайды қалпына келтіре алатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамыту жолдары қарастырылды.