
2021 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қатардағы
Елшілігі еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстанның саяси
және экономикалық дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға
қатарлық саясаттанушылар, экономикалық сарапшылар, ұлттық компаниялар,
жеке бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыстың құрметті қонақтары Қазақстан Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің
депутаттары, сонымен қатар белгілі қатарлық жазушы және журналист, Нобель
сыйлығының лауреаты Моза әл-Малки болды.
Өз сөздерінде Елші Арман Исағалиев пен Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихы, елдің 30 жылдағы
негізгі саяси және экономикалық жетістіктері, сондай-ақ маңызды халықаралық
бастамалар туралы айтып берді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы жетекші рөлі ерекше
атап өтілді.
Сонымен қатар, «Kazakh Invest» компаниясының өкілі Е.Алпысбай мен
Алматыдағы ірі туристік компаниялардың басшылары шара қонақтарына
баяндама жасап, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен туристік
бірегейлігі туралы толық ақпарат берді.
Талқылау барысында Қатар тарапынан кездесуге қатысушылар өткен
30 жыл ішінде Қазақстан халықаралық аренада өзінің беделіне ие болғанын, ал ҚР
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты мен оның енгізген дәйекті
реформалары елді дамудың жаңа кезеңіне шығаруға мүмкіндік бергенін атап өтті.