
14-15 желтоқсанда Дохада БҰҰ мен Еуропалық Одақтың STRIVE
Asia бастамасы және БҰҰ-ның Терроризмге қарсы орталығы аймақтық
бірлескен жобасы шеңберінде «Терроризм және зорлық-зомбылық
экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарларын іске
асырудағы парламентшілердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, БАӘ, Қатар
парламенттерінің депутаттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың
өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстаннан ҚР Парламенті
Сенатының депутаттары С.Мәкежанов, Р.Абдикеров және Мәжіліс
депутаттары Е.Тайжанов пен Ф.Каменов қатысты. Қазақстан
делегациясының мүшелері терроризм мен экстремизмге қарсы күрес
бойынша елімізде жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндамалар мен
презентациялар жасады.
Дөңгелек үстелдің басты назары Орталық Азия парламентшілеріне
пікірталастарға бастамашылық ету, ынтымақтастықтың жаңа нысандарын
құру және зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу бойынша өздерінің
ұлттық іс-қимыл жоспарларын теңгерімді түрде жүзеге асыруға
жәрдемдесу мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.
Іс-шара аясында қазақстандық делегация Қатар Консультативтік
кеңесінің төрағасы (Маджлис Аш-Шура) Хасан әл-Ғаниммен кездесіп,
онымен парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын
талқылады.