
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Т.А. Құлыбаев Доха қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында ол Қатар - Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Жауаан Әл-Тәни, «Qatar Sports Investments» жетекші спорттық инвестициялық компаниясының төрағасы Нассер Аль-Хелайфимен және Қатардың Білім және ғылым жөніндегі «Qatar Foundation» қоры төрайымының орынбасары шейха Хинд бинт Хамад Әл-Тәнимен кездесулер өткізді. Тараптар спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Сондай-ақ, ҚР ҰОК басшысы Қатарға сапары барысында спорттық жарақаттарды емдеу бойынша әлемдегі ең үздік клиникалардың бірі, ортопедия және спорттық медицина мамандандырылған ауруханасына «Aspetar» барды, сондай-ақ Доханың бірқатар спорттық нысандармен кеңінен танысты.