Түркістан облысы Дохадағы халықаралық көрмеге қатысуда

Түркістан облысы Дохадағы халықаралық көрмеге қатысуда

Бүгін Дохадағы көрмелер мен конференциялар орталығында «Hospitality Qatar» қонақ үй бизнесінің ірі халықаралық көрмесі ашылды, оның жұмысына Қазақстанның Түркістан облысының туризм басқармасы қатысуда.

Бұл көрме Қатар астанасында алтыншы рет өткізіліп отыр және қонақ үй құрылысы мен дамуы, франчайзинг және қонақ үй бизнесіне инвестиция салу саласындағы мүмкіндіктерді таныстырудың табысты алаңы ретінде өзін танытты. «Hospitality Qatar» бағдарламасы конференцияны, оқыту бағдарламаларын және мамандандырылған жарыстарды да қамтиды. Көрме жұмысына әлемнің 30-дан астам елінен қызмет көрсетушілер, операторлар мен инвесторлар қатысуда.

Қазақстан павильонында Түркістан облысының туристік әлеуеті, өңірдің қонақ үй секторындағы инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ ірі нысандардың, соның ішінде қонақүйлер, демалыс орындары мен курорттар, және мейрамханалар инфрақұрылымы таныстырылуда.

«Hospitality Qatar» көрмесі 2021 жылдың 11 қарашасына дейін жалғасады.