
Бұл жөнінде Дінаралық диалог жөніндегі Доха халықаралық орталығының Төрағасы доктор Ибрахим Салех Әл-Наими Қазақстанның Елшісі Арман Исағалиевпен кездесуінде мәлімдеді.
Сұхбат барысында екі ел арасындағы дін саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысына қатысу талқыланды.
Қазақстандық дипломат Доха орталығының төрағасына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Съезді шақыру жөніндегі бастамасын ілгерілетуге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге, Елші сұхбаттасушыны ү.ж. 6 қазанда өткен Съезд Хатшылығының XIX отырысының қорытындылары туралы хабардар етті, онда 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық мәселелері талқыландығын жеткізді.
И.Әл-Наими Қазақстан елордасында әрбір үш жыл сайын өткізілетін дінаралық форумның деңгейі мен тиімділігін жоғары бағалап, алдағы іс-шараға өзінің қатысатынын растады.
Сондай-ақ, кездесуде конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен өзара іс-қимылды жолға қою мәселелері қозғалды. И. Әл-Наими тығыз жұмыс байланыстарын орнатуға және екі мекеме арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға мүдделілігін білдірді. Ол Қазақстан орталығының басшысына 2022 жылдың көктемінде Доха орталығының қамқорлығымен өтетін жыл сайынғы дінаралық диалог жөніндегі конференцияға шақыру жіберуге және осы іс-шара аясында осы келісімге қол қойылатына уәде берді.
Дохадағы дінаралық үнқатысудың халықаралық орталығы (DICID) Қатар астанасында 2007 жылғы мамырда үш монотеистік дін өкілдері арасындағы өзара түсіністікті дамыту, мәдени байланыстарды кеңейту және әртүрлі діндердегі адамдардың бейбіт қатар өмір сүруі мақсатында ашылды.