Қатарда «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» атты фотокөрме ашылды

Қатарда «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» атты  фотокөрме ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР-ның Дохадағы Елшілігі «Katara Cultural Village» мәдени қалашығында «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» атты фотокөрме ұйымдастырды.

Іс-шараны Қазақстан Елшісі А.Исағалиев және «Katara Cultural Village» мәдени қалашығының Бас директоры Халид бен Ибрахим Әл-Сулайти ашты.         Өз сөзінде қазақстандық дипломат Ұлы дала көшпенділерінің жарқын өркениетінің мұрагері болып табылатын Қазақстанның жаңа тарихы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Елші қатысушыларды еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, оның халықаралық аренадағы жетістіктері туралы хабардар етті.

Фотокөрме қонақтарға еліміздің табиғи сұлулығын және сәулет жауһарларын көруге, сондай-ақ Қазақстан халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері мен өмір салты туралы түсінік алуға мүмкіндік берді.

Экспозиция 2021 жылдың 26 ​​қазанына дейін ашық болады.