
Бүгін Қатардың алдыңғы қатарлы «Snoonu» IT-компаниясы Astana Hub халықаралық технопаркінде Инновация және технологиялық даму орталығын ашты.
«Snoonu» Нұр-Сұлтанда өкілдігін тіркеген ақпараттық технологиялар саласындағы алғашқы араб компаниясы болды.
Жаңа орталық Қазақстан мен Қатар арасындағы озық технологиялар саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлескен жұмыс бағдарламасын бекітті.
«Snoonu» – Қатардың ең озық IT-стартаптарының бірі. Компания жақында Қатар Даму Банкінен және басқа инвесторлардан рекордтық 5 миллион АҚШ долларын тартты.